Ауғанстан мен Пәкістан атысты тоқтату туралы келісімге келді

848
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/lI3zrrwYZNsWArFItQZyzjy8Z6WydOB614J4LCEA.jpg

Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы екіжақты келіссөздерден кейін тараптар атысты тоқтату жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды “Адырна”.

Бұл соңғы бірнеше жыл ішіндегі екі ел арасындағы ең ауыр қарулы қақтығыс болып отыр.

Катар тарапының мәлімдемесінде тараптар ұзақмерзімді бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға бағытталған тетік құруға және алдағы күндері бітімнің беріктігін қамтамасыз ету мақсатында қосымша келіссөздер өткізуге келіскені айтылған. Сондай-ақ Катар мен Түркия бұл келіссөздерде делдал болғаны көрсетілген.

Айдың басынан бері көрші елдер арасындағы жағдай ушығып, екі тарап та бір-бірін агрессия жасады деп айыптаған. Ауғанстан өз аумағында шекара маңында шабуыл жасап жүрген содырларды жасырғанын жоққа шығарды.

Еске салспқ, Ауғанстан мен Пәкістан шекарасындағы қарулы қақтығыстар 2025 жылдың 12 қазанына қараған түні басталған болатын. 

Бұған дейін Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы қарулы қақтығысты тоқтату мақсатында екі елдің делегациялары Қатар астанасы Дохада келіссөз өткізуді жоспарлағанын хабарладық.

Comments
Other materials