Париждің әйгілі Лувр музейінен тоғыз бағалы жәдігер ұрланды. Бұл туралы Францияның мәдениет министрі Рашида Дати мәлімдеді, деп хабарлайды “Сдырна”.
Министрдің айтуынша, оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
The Sun басылымының мәліметінше, қылмыскерлер музейге жүк лифті арқылы кіріп, Наполеон мен Жозефина патшайымның коллекциясына тиесілі тоғыз құнды затты, соның ішінде алқалар мен түйреуіштерді қолды еткен. Үшінші сыбайлас сыртта күтіп тұрған.
Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр. Музей келушілерден эвакуацияланып, бір күнге жабылды.
Related news