12 адам опат болды қара жолда. Бүгін жол апатынан осынша адам қырылып қалды. Ақтөбе облысында. Газель жолаушылар көлігіне DAF жүк көлігі қарсы бетке шығып соғылған дейді.
Екі көліктің жүргізушілері және 10 жолаушы мерт болыпты. Айдың-күннің аманында, соғыссыз қырылып қалу деген осы.
Үкіметбасы тапсырма беріпті, облыс әкімі барыпты, комиссия құрылыпты. Одан ешнәрсе өзгермейді. Бес күннен кейін баяғы таз кепешін киеді...
Бізде бұрыннан сол: қойды қасқырға беріп қора жасаймыз. Жолаушылар өлген соң ғана жолға полицейлер шығып рейд жүргізген болады бес күн, содан кейін бәрі сап тыйылады.
Жалпы жолаушылар көлігі мен ауыр жүк көліктеріне арнайы Заң керек! Жүргізушілердің күнделікті демалысын, жолдағы уақытын қадағалайтын JPS сияқты бақылаушы жүйе орнату қажет. Күніне жүретін қашықтық пен жолға шығатын, тоқтайтын уақыттарының бәрі қадағаланып отыруы шарт!
Ұйқысы қанбай жолға шыққан жүргізушілерді 15 тәулікке қамап, ал ішіп ұсталғандарды 7 жыл куәліктен айырып, жол апатын жасағандарды жазасының ауырлығына қарай 7 жылдан 15 жылға дейін темір торда тоздыру керек!
Өйткені ол - қылмыскер, көлікпен қағып өлтірсе де, пышақ сұғып, мылтықпен атып өлтірсе де, ол адам өлтіріп отыр. Өзгенің өмірін ойламайтын ондай иттердің жазасы ТҮРМЕ!
Өзім танитын депутаттарға да осы туралы бірнеше рет айтқам шырылдап, бұлардың жазасы ауыр болу керек деп. Мұрындарымен тыңдады. Бастарына тимей түсінбейді олар.
Биыл қара жол қазаққа ауыр тиіп тұр.
The minister does not see anything wrong with teachers participating in school yard clean-up activities