Моңғолияның Конституциялық соты Ұлы Мемлекеттік Хуралдың 2025 жылғы 17 қазанда қабылдаған №95 қаулысы ел Конституциясына қайшы екенін мәлімдеді, деп хвбарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
22 қазанда өткен отырыста сот парламент төрағасының орынбасары Хурэлбаатар Булгантуяаның әрекеттері мен премьер-министрді қызметінен босату туралы қаулының заңдылығын қарады. Нәтижесінде, Булгантуяа ханымның Ұлы Мемлекеттік Хуралдың жалпы отырысына төрағалық етуі кезінде Конституцияның 1.2 және 43.1-баптары бұзылғаны анықталды.
Аталған баптарда мемлекеттік биліктің басты мақсаты — демократия мен заң үстемдігін қамтамасыз ету екені және премьер-министрдің отставкасына байланысты мәселе үш күн ішінде қаралып, он күн ішінде шешілуі тиіс екені жазылған.
Конституциялық соттың шешімінде Ұлы Мемлекеттік Хуралдың премьер-министрді қызметінен босату туралы №95 қаулысы Конституцияның 1.2, 43.1 және 70.1-баптарына қайшы келетіні атап өтілді. 70.1-бапқа сәйкес, мемлекеттік органдардың барлық заңдары мен шешімдері, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың қызметі Конституцияға толық сәйкес болуы қажет.
Бұған дейін, Моңғолияның парламенттік отырысында премьер-министр Гомбожавын Занданшатарының отставкасы туралы ұсыныс қаралып, тиісті қаулы қабылданғаны туралы жазған едік.
Domestic brand. The appetite of "Falcon" that did not fly, "Tulpar" that did not come out and "Komagai".