Актер марапатын ұстазына арнады

1332
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/fp1yMilpM9U5Z19NdqVCLxckudMLSmOyOH7LxueT.jpg

Театр және кино актері Бақыт Хаджибаев "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Актер марапатын алдымен өз ұстазы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлық лауреаты Нұрқанат Жақыпбайға арнап, алғысын білдірді.

Бақыт Хаджибаевтың өнер жолы тағдырдың күтпеген бұрылыстарымен басталған. Ұстазы Нұрқанат Жақыпбай есіне алды.

“Жас Бақыт Хаджибаев оператор боламын деп, аудиторияны шатастырып, менің емтиханыма кіріп кеткен еді. Бірақ мен оны жай қателік деп қабылдамадым. Ішкі түйсігім бұл жігітті өнерге тағдыр өзі әкелді деді. Сол сәттен бастап оның сахнадағы өмірі басталды" - деді ол.

Айта кетейік, актер Бақыт Хаджибаев  "Оян, қазақ!" фильмінде басты рөлді сомдап, халықтың ықыласына бөленген еді.

Related news

Comments
Related news