Ресей басшылығы 21 қазанда ядролық энергетикалық қондырғысы бар «Буревестник» қанатты зымыранын сынақтан өткізгенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы президент Владимир Путинге Ресейдің Бас штаб бастығы Валерий Герасимов баяндаған.
Герасимовтың айтуынша, зымыран әуеде шамамен 15 сағат болып, осы уақытта 14 мың шақырымды еңсерген. Ол сондай-ақ бұл көрсеткіштің шекті меже емес екенін атап өтті.
Ресей тарапының мәліметінше, «Буревестник» зымыранының техникалық мүмкіндіктері кез келген қашықтықтағы жоғары қорғалған нысандарды дәл көздеп жоюға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, зымыран сынағына дайындық белгілері жазда-ақ байқалған, көпшілік сынақ тамыз айының соңында өтеді деп болжаған еді, алайда ол кезде сынақ жүргізілмеген.
Related news
Attack in Lebanon. The Ministry of Defense provided an update on the condition of Kazakh peacekeepers