Танымал тележурналист Азат Рыстанбек дүниеден өтті. Қайғылы хабарды «Qazaqstan» телеарнасы жеткізді, деп хабарлайды “Адырна”.
“Ол ұзақ жылдар бойы «Qazaqstan» телеарнасының Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясында еңбек етіп, бірнеше сериялы деректі фильмдер мен арнайы репортаждар түсірді.
Азат Рыстанбектің соңғы жылдары «Qazaqstan» телеарнасынан шыққан Түркиядағы қандастар көшінің 70 жылдық тарихына арналған «Алтайдан Анадолыға» деректі фильмі, «Русафа: Маңызды миссия» арнайы жобасы, Германияның Бухенвальд және Цайтхайндағы әскери тұтқындарды жаппай қамау орындарынан дайындаған арнайы репортажы көрерменнің кең талқысына ие болды. Бұл жобалардың барлығы Корпорацияның «Алтын қорында» сақталады.
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұжымы атынан марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтамыз”, делінген хабарламада.
OMIR SYNYBEKULY: If the head of state does not take care like Konayev himself, the danger will increase...