Америкалық миллиардер Илон Маск 2030 жылға қарай смартфондар дәуірі аяқталатынын айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Оның пікірінше, жасанды интеллект дәстүрлі мобильді құрылғыларды толықтай алмастырып, адамның технологиямен өзара әрекеттесу тәсілін түбегейлі өзгертеді.
«Қазір біз телефон деп атап жүрген құрылғы, шын мәнінде, байланысқа арналған радиомодульдері бар, жасанды интеллект көмегімен бейнеанализге негізделген түйін болады»,—деді ол тележүргізуші Джо Роганмен әңгіме барысында.
Сондай-ақ Маск жасанды интеллект пайдаланушының қалауларын алдын ала болжай алатын деңгейге жетеді деп болжады.
Related news