"Ең жас ел". Белгілі демограф Қазақстандағы демография жайында айтты

937
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/F2MUxuyNRodziAKXPCcGETLKWIL57eqUO9wLm8mE.png

Белгілі демограф Алексей Ракша журналист Юрий Дудьке берген сұхбатында Қазақстанның ерекшеліктерін атады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«вДудь» арнасындағы сұхбат барысында Алексей Ракша Қазақстанның Ресейден айтарлықтай айырмашылығы бар екенін атап өтті. Бұл айырмашылық туу көрсеткішінде де, халықтың жас құрылымында да байқалады.

«Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы Ресейге қарағанда жоғары, яғни өлім-жітім аз, ал туу көрсеткіші әлі де жоғары деңгейде қалып отыр. Ол 2,1-ден артық. Халықтың өмір сүру сапасы жақсарды, бірақ дәстүрлер сол күйінде сақталған», — деді ол.

Дудь Қазақстанда соңғы рет 2021 жылы болғанын айтты. Сол сапарында журналисті көшеде жастардың, балалардың көптігі таңғалдырған. Ракшаның айтуынша, мұндай көрініс әсіресе елдің батысы мен оңтүстігінде байқалады.

«Қазақстандағы халықтың орташасы жасы шамамен 30–31 жасты құрайды және көрсеткіш өте баяу өсіп келеді. Бұл – әлемдегі ең жас елдердің бірі. Халық Ресейге қарағанда шамамен он жылға жас әрі баяу қартаяды»,– деді Ракша.

Оның айтуынша, әлемнің көп елдерінде керісінше жағдай байқалады. Ең үлкен төмендеу Шығыс Азияда (Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай) тіркелген. Сондай-ақ Еуропада да халық саны жылдам азаюда.

Comments