Фото:eurasia.amnesty
Газа секторының Денсаулық сақтау министрлігі Газа аумағында іске асырылып жатқан атысты тоқтату және тұтқындармен алмасу келісімі аясында Израильден тағы 15 палестиндік адамның мүрдесі берілгенін мәлімдеді. Бұл туралы министрліктің Telegram-парақшасында жарияланды, деп хабарлайды “Адырна”.
Мәліметке сәйкес, Қызыл Кресттің халықаралық комитеті арқылы Израильден 15 палестиндік тұтқынның денесі алынғаны айтылған. Сондай-ақ, мәйіттерді сәйкестендіру жұмыстары жүргізіледі.
Қазіргі уақытқа дейін Израиль тарапынан 330 палестиндік тұтқынның денесі қайтарылған, олардың 97-сі анықталып, жақындарына табысталған.
Газа билігінің мәлімдеуінше, 10 қазанда күшіне енген атысты тоқтату және тұтқындармен алмасу келісімі шеңберінде берілген мәйіттердің денесінде азаптау белгілері анықталған.
35 millions tenge allocated for food have already been "eaten". 5 kindergarten managers were detained in Astana