Ұлттық мақтаныш күні. Ел басшылары туған күнінде Шыңғыс ханға құрмет көрсетті

720
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/kGY10Q0RsClaf9lXCbrX0Qw1PkApJjb8MWYUfVWx.jpg

Моңғолияда Ұлттық мақтаныш күні өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Елде Шыңғыс ханның дүниеге келгеніне 863 жыл толуына орай елдің жоғары лауазымды тұлғалары оның ескерткішіне тағзым етті. Президент Ухнаагийн Хүрэлсүх, ұлы Мемлекеттік Хурал төрағасы Ням-Осорын Учрал және премьер-министр Гомбожавын Занданшатар мерекеге орай Шыңғыс хан ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Моңғолия президентінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы №4 Жарғысына сәйкес, Шыңғыс ханның туған күні ресми түрде бекітілген. Бұл шешім арнайы жұмыс тобының қорытындысы және Моңғолия Ғылым академиясының ұсынысы негізінде қабылданған. 

2025 жылы Ұлы қағанның туған күні 21 қарашаға сәйкес келіп отыр. Ай күнтізбесіне байланысты бұл күн григориан күнтізбесі бойынша жыл сайын өзгеріп отырады.

Comments