"Билікті күшпен басып алуға әрекет жасаған". Атамбаевтың ұлы ұсталды

1027
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/JRIUM3up5WDF5XL7YunBeti8VUjUEzDrJw8EMVMn.jpg

Қырғызстанда бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтың ұлы мен бірнеше экс-депутат қамауға алынды, деп хабарлайды «Адырна тілшісі 24.kg агенттігіне сілтеме жасап.

Оларға қатысты жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Ішкі істер министрлігі Жогорку Кенеш сайлауынан кейін жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруды жоспарлаған деструктивті топтың әрекетін тоқтатты. Оның құрамында саяси тұлғалар, экс-депутаттар, бұрынғы мемлекеттік қызметкерлер мен күш құрылымдарының қызметкерлері болған. Олар өз жақтастарын, оның ішінде қылмыстық топтар мен спорттық қауымдастық өкілдерін тартып, арандатушылық пен күш қолдануға бағытталған қақтығыстар ұйымдастырмақ болған»,- делінген хабарламада.

Қамауға алынғандардың қатарында Қадырбек Атамбаев, сондай-ақ бұрынғы депутаттар Ермек Ерматов, Қадырбек Атамбаев, Қуанышбек Кадыров және кәсіпкер Урмат Барықтабасов бар. Олардың барлығы 17 қаңтарға дейін тергеу изоляторында болады.

Кейінірек Қадырбек Атамбаев өзіне қатысты істің неғұрлым ауыр бапқа ауыстырылғанын хабарлады. Оған билікті күшпен басып алуға әрекет жасады деген айып тағылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қырғызстан ІІМ Жогорку Кенеш сайлауынан кейін жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруды жоспарлаған деструктивті топ мүшелерінің ұсталғанын мәлімдеген болатын.

Comments