Қытай Цзюцюань ғарыш айлағынан «Шэньчжоу-22» ғарыш кемесін орбитаға ұшырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы ҚХР Пилотталған ғарыштық бағдарламасы басқармасы (CMSA) хабарлады.
Ғарыш кемесін ұшыру Long March-2F Y22 («Ұзын жорық») зымыраны арқылы жүзеге асқан. 12:11-де (Бейжін уақыты) елдің солтүстік-батысындағы айлақтан ғарышқа зымыран ұшырылды.
Қытайдың орталық телеарнасы CCTV оқиға орнынан тікелей эфирде ақпарат таратты.
Экипажсыз ұшырылған «Шэньчжоу-22» орбитадағы «Тяньгун» ғарыш станциясына барып, бұған дейін космостық қоқыс салдарынан зақымданған «Шэньчжоу-20» кемесін алмастыруы тиіс.
Бұл миссия сонымен қатар 2026 жылдың сәуірінде Жерге қайта оралуы жоспарланған «Шэньчжоу-21» экипажының ротациясын қамтамасыз етеді. Станцияда 31 қазаннан үш ғарышкер жұмыс істеп жатыр.
“He drove her crazy.” In Aktobe region, a former imam controlled his wife by using religion to intimidate her