Жоғалған оқушы мен тағы бір адамның мәйіті өзеннен табылды

199
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Ақтөбе облысында 10-сынып оқушысы мен 1998 жылғы азамат өзеннен табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ақпаратқа қарағанда, оқушы 30 қараша күні үйінен шығып, моншада жұмыс істейтін досына көмектесуге кеткен. Алайда ол кейін үйіне оралмаған. Жоғалғаны белгілі болған соң еріктілер мен құтқарушылар іздеу жұмыстарын бастаған.

Іздестіру-құтқару шараларына ТЖД күштері, ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, полиция қызметкерлері, дрондар, кинологтар және сүңгуірлер тартылды. Жұмыс барысында жасөспірімнің денесі судан табылып, полицияға тапсырылды.

Сонымен қатар, іздестіру барысында 1998 жылғы азаматтың денесі өзен жағасынан 30 метр қашықтықтан табылды. Жеке заттардан, оның ішінде ұялы телефондарынан ешқандай зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ.

Қазір оқиғаның толық мән-жайы анықталуда, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Comments