Ақтау 77 шақырымдық электр желісі жаңартылуда

235
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/sqG6RFnPf0MulygyQly7B42gjDywduaM0zFY9zm9.jpg

Ақтауда қала әкімдігінің тапсырмасына сәйкес қала тұрғындарын электр энергиясымен тұрақты әрі сапалы қамтамасыз ету мақсатында жалпы ұзындығы 76,9 шақырымдық тозу деңгейі орта есеппен 80%-ды құрайтын 17 электр желісін екі кезеңге бөліп жаңарту жұмыстары жоспарланған. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімі есеп беру кездесуінде баяндады. 

Жобаның І-кезеңінде қаланың бірқатар шағын аудандарын қамтитын жалпы ұзындығы 22,5 шақырымды құрайтын тозығы жеткен электр желілерін жаңарту жұмыстары жүргізілді. Ал, екінші кезеңінде тағы 8 шағын ауданның жалпы ұзындығы 54,4 шақырымды құрайтын 11 электр желісін жаңарту жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. 

Сондай-ақ қуаттылығы 110/10 кВ болатын ХАБ-1 және ХАБ-2 қосалқы станцияларының құрылысы аяқталды. Аталған жобалар электр энергиясын тұрақты жеткізуге және басқа қосалқы станциялардың жүктемесін азайту арқылы қаланың жалпы энергиямен қамтылуын жақсартуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта, нысанды қолданысқа қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Comments