Серік Жұманғарин: Экономика тұрақты даму жолына түсті

399
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/XEszstt87tcgHswm4ZMaDgaEHi0U617saraIJXaw.jpg

Бүгін, 17 желтоқсан күні Үкімет отырысында 2025 жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

ҰЭМ деректері бойынша, басты көрсеткіш – ЖІӨ-нің өсімі, ол 6,4%-ға жеткен.

Негізгі драйверлер өсімі 7,3%-дан 7,4%-ға дейін жеделдеген өнеркәсіп пен 6,1%-ға ілгерілеген ауыл шаруашылығы болды. Тұрақты дамуды нақты экономиканың басқа секторлары да көрсетіп отыр. Атап айтқанда, көлік саласы 20,3%-ға, құрылыс 14,7%-ға өсті, ал сауда 8,8%-ға артты.

«Экономика сыртқы жағдайларға бейімделіп, тұрақты даму жолына түсті. Біз базалық салаларда жеделдеу барын көріп отырмыз, бұл әлеуметтік міндеттемелерді орындау және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін берік негіз қалайды»,- деді Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.

Инвестициялардың ең көп өсуі Ақмола, Павлодар, Жамбыл, Алматы және Ақтөбе облыстарында байқалған, ал төмендеуі Атырау және Қарағанды облыстарында тіркелген.

Министрдің айтуынша, қаңтар-қазанда сыртқы сауда айналымы116,3 млрд долларды құраған.

"Тауарлар экспорты 64,6 млрд долларды, оның ішінде өңделген тауарлардың экспорты 23,3 млрд долларды құрады. Тауарлардың импорты – 51,7 млрд доллар. 12,9 млрд доллардан аса көлемде оң сауда балансы сақталады",- деді ол.

 

Comments