Павлодар облысында педофил 20 жылға сотталды

131
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

Павлодар облысының тұрғыны балаға зорлық көрсеткені үшін 20 жылға сотталды. Істі өңірдің мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты қарады, деп хабарлайды "Адырна".

Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, процесс жабық режимде өтті.

«Ер адам баланың дәрменсіз жағдайын пайдаланып, кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық үшін кінәлі деп танылды. Кінә жәбірленушінің айғақтарымен, куәгерлермен, сараптамалардың қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдермен дәлелденді. Қылмыс аса ауыр санатқа жатады және 20 жылға бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады», — деп түсіндірді сотта.

Сотталушыға бұдан әрі педагогикалық лауазымдарды атқаруға және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге тыйым салынады. Сотталған адам орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде мерзімін өтейтін болады.

Comments