Астананың Алматы ауданында бас шыршаның шамы жағылды

61
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ld6VyyHNhHaixIzTA8UWREQOkzQwr6S2EFnfwyAc.jpg

Астананың Алматы ауданында бірнеше шыршаның шамы жағылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мерекенің басты орталығы «Sana» спорт кешенінің жанындағы Ақбұлақ өзенінің жағалауында өтті.

Қала тұрғындары концерттік бағдарламаны тамашалап, би билеп, ән тыңдады.

Алаңда биіктігі 25 метр болатын жаңа жылдық шырша, тақырыптық шағын сәулеттік нысандар, түрлі мүсіндер, сәндік сандықтар, жарықтандырылған ағаштар және фотозоналар болды.

Балалар үшін арнайы аниматорлар жұмыс істеп, көңіл көтерді.

Ал барлық тұрғындар үшін мерекелік концерт кештің шарықтау шегіне айналып, жаңа жылдық отшашумен қорытындыланды.

Қала тұрғыны Айдана Арманқызы балаларымен бірге мерекеге келіп, әсерімен бөлісті.

"Бүгін шырша жағылуы балаларға қатты ұнады. Екі баламды алып келдім. Күннің суығына қарамастан Аяз ата, Ақша қар және мультфильм кейіпкерлері балаларды қуантты. Өзіміз де балаша мәз болдық", — деді ол.

Мерекенің кішкентай қонақтары да ерекше көңіл күйде болды. 8 жастағы Адия Айдарқызы алған әсерін айтып берді.

"Біз биледік, салют қатты ұнады. Мен жаңа жылды жақсы көремін", — деді ол.

Шараға қатысушылар мұз айдынында сырғанап, түрлі ойын-сауықтарға қатысып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.


Comments
Other materials