«Заң мен тәртіп» республикалық акциясы аясында Алматы қаласында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың заң талаптарын дұрыс түсінуі мен адам құқықтарын қорғау бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Аталған бастама шеңберінде Әділет департаментінің қызметкері Шынар Әбзелбек Алматы қаласындағы №72 түзету мекемесіне арнайы барып, жазасын өтеуші азаматтармен кездесу өткізді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Кездесу барысында сотталған азаматтарға арналған мазмұнды әрі жан-жақты дәріс ұйымдастырылып, адам құқықтарын сақтау, құқықтық жауапкершіліктің мәні, заң талаптарын орындаудың маңыздылығы және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен түсіндірілді. Дәріс барысында қоғамдағы заң үстемдігі қағидаты, құқық пен міндеттің өзара байланысы, сондай-ақ азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңызына ерекше назар аударылды.
Лекция аясында Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген негізгі құқықтар мен бостандықтар, олардың іске асу тетіктері мен құқықтық қорғалуы, сондай-ақ адам құқықтарын қорғауға бағытталған ұлттық және халықаралық құқықтық нормалардың мазмұны егжей-тегжейлі баяндалды. Сонымен қатар халықаралық адам құқықтары стандарттарының негізгі қағидаттары мен олардың отандық заңнамада қолданылу ерекшеліктері де түсіндірілді.
Іс-шара барысында адам құқықтарын бұзудың алдын алу, заң нормаларын дұрыс әрі тиімді қолдану, құқықтық сауаттылық деңгейін көтеру арқылы құқықбұзушылықтардың алдын алу жолдары нақты практикалық мысалдар арқылы жеткізілді. Тыңдаушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, құқықтық реттеу саласындағы өзекті мәселелер бойынша білікті кеңестер алды.
Мұндай кездесулер жазасын өтеушілердің құқықтық мәдениетін арттырумен қатар, олардың қоғамға қайта бейімделуіне, заң талаптарын сақтауға деген саналы көзқарасын қалыптастыруға және заң үстемдігін нығайтуға оң әсерін тигізеді. Құқықтық түсіндіру жұмыстары түзеу мекемелеріндегі тәрбиелік шаралардың маңызды бөлігі болып саналады.
Әділет департаменті Алматы қаласында алдағы уақытта да азаматтардың құқықтық санасын арттыру, адам құқықтарын қорғау және құқықтық мәдениетті нығайту бағытындағы іс-шараларды жүйелі түрде жалғастыруды жоспарлап отыр.
A conference on technologies in tourism and hospitality industry TRAVELHUB Kazakhstan was held in Astana