AZAL ұшағы апатына бір жыл толды. Қаза тапқандардың жақындары аза тұтуға келді

298
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/2lePAbmH3iwhA7iD64bOl7xjpe5eO1jtRZUJDHr6.webp

Осыдан тура бір жыл бұрын, 25 желтоқсанда Ақтау әуежайынан үш шақырым жерде AZAL әуекомпаниясының Embraer ұшағы апатқа ұшыраған еді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

24 желтоқсанда Ақтауға ұшақ апатында қаза тапқан экипаж мүшелерінің туыстары келді. Олар қайғылы оқиғаның бір жылдығына орай, зардап шеккендерді еске алып, оқиға орнындағы ескерткішке гүл қойды. Сапарды Әзербайжанның Қазақстандағы консулдығы мен AZAL әуекомпаниясы ұйымдастырған.

Айта кетейік, Баку – Грозный бағытымен ұшқан әуе кемесінде 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 38 адам қаза тапты.

Дәл сол күні Санкт-Петербург қаласында өтуі тиіс ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін ұшып бара жатқан президент Ильхам Әлиевке Ресейдің әуе кеңістігінде болған әуе апаты туралы хабар жеткізілді. Мемлекет басшысы дереу кері қайту жөнінде тапсырма берді.

Ұшақ бортында болған кезінде басшы тиісті мемлекеттік органдарға апаттың себептерін тергеу және шұғыл шаралар қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді. Ильхам Әлиевтің тапсырмасына сәйкес, әуе апатының себептерін анықтау үшін премьер-министр Әли Асадовтың төрағалығымен мемлекеттік комиссия құрылды. Сонымен қатар Қазақстанға Әзербайжанның төтенше жағдайлар министрі, сондай-ақ цифрлық даму және көлік министрі бастаған делегация жіберілді.

Президент Ильхам Әлиевтің өкіміне сәйкес, 26 желтоқсан Әзербайжанда аза тұту күні деп жарияланды.

26 желтоқсанда AZAL әуе компаниясының ұшағымен Бакуге 4 қаза тапқан адамның мәйіті және 7 жараланған адам жеткізілді, ал Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшағымен тағы 7 жаралы әкелінді. 21 жолаушы мен 3 экипаж мүшесінің мәйіті 27 желтоқсаннан 28 желтоқсанға қараған түні жеткізілді.

Апаттан зардап шеккен азаматтар «Ени клиникада» ем қабылдады. Соңғы науқас 2025 жылғы 19 ақпанда ауруханадан шығарылды.

29 желтоқсанда Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайда Баку–Грозный рейсін орындау кезінде қаза тапқан Embraer 190 ұшағының экипаж мүшелерімен қоштасу рәсімі өтті. Оған президент Ильхам Әлиев пен бірінші ханым Мехрибан Әлиева қатысып, марқұмдардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Қоштасу рәсімінен кейін экипаждың үш мүшесі — әуе кемесінің командирі Игорь Кшнякин, ұшқыш Александр Кальянинов және стюардесса Окюма ӘлиеваII Құрметті жерлеу аллеясына жерленді. Жерлеу рәсіміне мемлекет пен үкімет өкілдері, сондай-ақ қоғам қайраткерлері қатысты.

27 желтоқсанда цифрлық даму және көлік министрі Рашад Набиев журналистерге берген сұхбатында ұшақ апатының себептері жөнінде, ұшақ қалдықтары мен куәгерлердің айғақтарына сүйенген сарапшылардың алдын ала қорытындысын жариялады. Оның айтуынша, ұшаққа сыртқы араласу болған.

Embraer 190 ұшағының сыртқы физикалық және техникалық араласу салдарынан апатқа ұшырауы жөніндегі тергеудің алдын ала нәтижелері мен әуе рейстерінің қауіпсіздігіне төнуі мүмкін тәуекелдерді ескере отырып, AZAL компаниясы 28 желтоқсаннан бастап Ресейдің бірқатар қаласына рейстерді уақытша тоқтатты.

28 желтоқсанда Ресей басшымы Владимир Путин Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевкетелефон соқты. Телефон арқылы сөйлесу барысында Владимир Путин жолаушылар ұшағының Ресейдің әуе кеңістігінде физикалық әрі техникалық сыртқы араласуға ұшырауыныңсалдарынан қайғылы оқиға болғаны үшін кешірім сұрады. Тек биыл қазан айында Путин жолаушылар ұшағы апатына Мәскеу жауапты екенін мойындады.

Биыл 4 ақпанда Қазақстан Ақтаудағы ұшақ апатын тексерудің алдын ала қорытындысын жариялады. Көлік министрлігі мен ұшақ апатын зерттеу жөніндегі комиссия «ұшақ қаптамасындағы шұрық тесіктер сырттан бөгде заттар тигенін көрсетеді»деп жазған.

 

 

 

Comments