"Адамға деген ықылас". "Адырна" жыл үздіктеріне концерт арнады

213
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8qGtOxenpGod3S8HOVVR7SEvgAs7Y6d3IczeH0Is.jpg

Астанада «Адырна» ұлттық порталының 15 жылдығына арналған «Азат рухтың алдаспандары» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Шара барысында порталдың әлеуметтік желідегі парақшаларында жүргізілген дауыс беру нәтижесі бойынша жыл үздіктері марапатталып, алғыс хаттар табысталды.

Мерекелік іс-шараға қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері Төлен Әбдік, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Роза Мұқанова, депутат Қазыбек Иса, Ерболат Саурықов, Дәулет Мұқаев, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Марапаттау рәсімі өнер тарландары мен жас дарын иелерінің концертімен жалғасты.

Шараның ашылуында сөз алған жазушы Төлен Әбдік «Адырна» порталын қоғамдағы адамға деген ықылас пен сыйластық құндылығын дәріптейтін қадам ретінде бағалады.

Жиынға қатысушылар әлеуметтік желі арқылы мемлекеттік қызметкерлер мен белсенді азаматтарды анықтап, «қоғамдық пікір арқылы марапаттау» деп атап өтті. Марапат иелері мен ел ағалары өз тілектерін айтып, «бір-бірімізді құттықтайтын сәттер көп болсын» деген ниеттерін білдірді.

Концертті төмендегі сілтемеден көруге болады:

Comments