Теңіз кен орнындағы жөндеу жұмыстары ақпанға дейін созылуы мүмкін – Reuters

372
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/WNagqiDRXknUCn6QEWbydyvr17DJRTXJaJ1ZbFxq.webp

Теңіз кен орнында мұнай өндіру тағы 7–10 күнге уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, бұл Каспий құбыр консорциумы жүйесі арқылы экспортталатын мұнай көлемінің қысқаруына әкеледі.

18 қаңтарда «Теңізшевройл» компаниясы кешенде өрт шығуына байланысты Теңіз және Королевское кен орындарында мұнай өндіру уақытша тоқтатылғанын мәлімдеген еді. Reuters сақтық шараларының ұзаққа созылуы мүмкін екеніндігін жазды.

Теңіздегі мұнай өндіруді тоқтату кем дегенде осы аптаның соңына дейін созылуы мүмкін, алайда үзіліс одан да ұзаққа, ақпан айына дейін жалғасуы ықтимал», — дейді агенттік дереккөздерінің бірі.

Reuters мәліметінше, ТШО Қара теңіздегі КҚК терминалынан қаңтар және ақпан айларында жөнелтілуі тиіс CPC Blend маркалы мұнайдың шамамен 600–700 мың тонна көлеміндегі бес экспорттық партиясын жөнелтуден бас тартқан.

Еске салайық, бұған дейін компания өкілдері оқиғаның салдарын мүмкіндігінше тезірек жоюға күш салып жатқанын және теріс әсерлерді азайту үшін мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс істеп отырғанын айтқан еді.

Comments
Other materials