Ресей Харьковтегі жолаушылар пойызына дронмен шабуылдады. Қаза тапқандар бар

331
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/XC2mBdcRWc0RA1cWkwo8FCydZs5nTOKby9dIBEDI.jpg

Ресей әскері Украинаның Харьков облысында жолаушылар пойызына дронмен шабуыл жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Пойыз Барвинково — Львов — Чоп маршруты бойынша жүрген. Шабуыл локомотив пен жолаушы вагонына жасалған.

Харьков облыстық прокуратурасы сейсенбі күні кешке болған шабуылдан кейін кемінде бес адамның дене қалдықтары табылғанын мәлімдеді. Жалпы пойызда 200-ден астам адам болған.

Ресми деректерге сүйенсек, екі дрон пойыз маңында жарылып, біреуі вагонға тиген. Украина төтенше жағдайлар қызметі бір вагонның толық,  ал екіншісінің жартылай өртенгенін хабарлады. Құтқару қызметтері өртті сөндіріп, жолаушыларды қауіпсіз жерге эвакуациялаған.

Ел президенті Владимир Зеленский жолаушылар пойызына жасалған шабуылды «терроризм» деп атады. Қазіргі таңда Харьков облысында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, теміржол қозғалысы уақытша шектелді.

Comments
Other materials