Біздің қоғамда бәрі – ақ пен қара. Сіз қалай ойлайсыз?

121
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/VNAaC1tOtcATJgUlNDvZQQpPLGxA2qUt1U7gWlha.jpg

Біздің қоғамда бәрі – ақ пен қара. Біреуді мақтасақ, аспандатып, «қайраткер», «күрескер» жасаймыз. Ұнамаса, жүйенің бар кемшілігін соның мойнына арта саламыз.

Неге? Бұл жәй ғана реверанс немесе шынайы позициямыз ба? Әлде оның басқа себебі бар ма?

Мемлекеттік және қоғамдық институттарға сенім болмаған кезде адамдар айрықша харизматикалық тұлғалар іздей бастайды. Соны тірек көреді. Сол адам ертең мәселесін шешетіндей көреді. Бірақ адамдар ауысады, кешегі қаһарман бүгінгі жауызға айналады. Ал жүйе сол күйінде қалады.

Неғұрлым дамыған елдерде жеке тұлғалардан гөрі институттарды сынау немесе соларға сенім білдіру басым. 

Мәселен, мен тұрған Грузияда халық ең алдымен шіркеуге сенеді. 

Финляндиядан келген депутат өз елінде халық ең бірінші полицияға сенетінін айтқаны есімде. Италияда да полиция мен соттар ең жоғарғы сенімге ие. Нидерландыда да соған ұқсас. Ал мұндай институттар - мемлекеттің қазықтары.

Қандай әлсіз тұлға келсе де, қазықтары мығым жүйе мемлекетті шайқалтпайды. Ал әлсіз жүйеде әркім қожайын.

Сіз қалай ойлайсыз?

Aizhan Koshken

 

 

Comments
Other materials