Оқушы мектеп дәретханасында сірке суын ішіп қойған

151
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ip80xFWS1RcCJ8GlcvaCNpdvyFLPTC8fo45Ms5pQ.jpg

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка ауылында 16 жастағы мектеп оқушысы сірке суын ішіп қойған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 4 ақпанда болған.

«Қазәуеқұтқару» солтүстік авиациялық отрядының ТЖМ ұшқыштары санитарлық авиация дәрігерлері мен облыстық балалар ауруханасының қызметкерлерімен бірігіп шұғыл тасымалдауды жүзеге асырған.

 «16 жастағы тұрғын белгісіз сұйықтықтан улану белгілерімен медициналық мекемеге жеткізілгені туралы хабарлама түсті. Болған оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүзеге асырылып жатыр»,-делінген хабарламада.

Қазіргі таңда оқушы облыстық балалар ауруханасында жатыр, жағдайы ауыр деп бағалануда.

Оқиғаның себептері анықталуда.

Comments