5 ақпанда Астана соты ресейлік әскери қызметкер Евгений Коробовқа босқын мәртебесін беруден бас тартты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ферғанаға сілтеп.
Бұл туралы оның қорғаушысы, Қазақстан адам құқықтары бюросының заңгері Артур Алхастов мәлімдеді.
Заңгердің айтуынша, Ресейдің Украинадағы әскери операциясы басталғалы бері Қазақстан дәл осындай шешімді ресейлік тағы он дезертирге қатысты қабылдаған.
Евгений Коробов — әскери училище түлегі, аға лейтенант және кәсіби офицер. Ол соғыс басталғаннан бері әскери қызметте болған. Өз сөзінше, ешкімге тікелей оқ атпаған. Сондай-ақ тапсырмалардың бірінде майданнан кету үшін өз аяғына оқ атқанын айтқан. 2022 жылдың соңында емделгеннен кейін Қазақстанға келіп, уақытша тұруға рұқсат алған.
2024 жылдың сәуірінен бастап ол пана сұраушы мәртебесінде болған. Осы уақыт ішінде Ресейде оған қатысты «дезертирлік» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, алдымен федералдық, кейін халықаралық іздеу жарияланған. Осыдан кейін Қазақстанда уақытша тұруға рұқсатты ұзарту мүмкін болмаған.
Коробов Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына екі рет босқын мәртебесін беру туралы өтініш түсірген. Дегенмен, екі жағдайда да бас тартылған. Сот арқылы бұл шешімді өзгерту әрекеті де нәтиже бермеді. Қорғаушы бұл шешімге апелляция беретінін айтты. Оның пікірінше, Коробовтың соғысқа қатысудан бас тартуы саяси себептермен қудалануға негіз болуы мүмкін.
The situation was serious. A three-year-old baby bathed in a fountain was brought to the intensive care unit
Citizens with different points of view will be given the opportunity to come to power," Tokayev distributed Mazhilis
