Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жыл кіруге тыйым салынбақ

133
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/9Thh6hQWzyMeBCJxHa7j4miSDCweLe0dvodthnHI.webp
Фото: daily.afisha.ru
34 жастағы қазақстандық әзілкеш әрі жүргізуші Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жыл кіруге тыйым салынбақ. Әртүрлі дереккөздердің мәліметінше, бұл шектеулер миграциялық және салық заңнамасын бұзғаны үшін енгізілген, деп хабарлайды  "Адырна".

Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде тарағанымен, ресми растау әлі жоқ.

Mash басылымының хабарлауынша, қазір Сабуров әуежайда тұр және билет алу үшін қаражат жетпей, ұшып кете алмай отыр.

РИА Новости басылымының мәліметінше , 2025 жылы Сабуров миграциялық ережені бұзған, яғни елде рұқсат етілген уақыттан артық тұрған. Сол кезде ол айыппұл төлеп, екі апта ішінде елден шығып, заңға сәйкес қайта кіруі керек болған.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің хабарлауынша, бұл шешім елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңдылықты сақтау және ұлттық рухани-моральдық құндылықтарды қорғау мақсатында қабылданған.

Comments