Президент Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады

134
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/sBKyhMcXUKPFi2AmHzlSTVOeUi5u4R0gwLwzaKzx.png

Мемлекет басшысы, Қарулы Күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрінің бірінші орынбасарын қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Қаныш Әбубәкіров пен қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков Президент қабылдауында болды.

Кездесу барысында Президент ведомство жұмысына қатысты бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарларына ведомстводағы жетекшілік ететін бағыттары бойынша нақты тапсырмалар берді.

Мемлекет басшысы Қарулы Күштердің қызметін одан әрі тиімді ұйымдастыру, әскери даярлық пен қорғаныс қабілетін арттыру, сондай-ақ стратегиялық міндеттерді жүзеге асырудағы үйлестіру мәселелеріне ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

Comments