Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік компаниялар, оның ішінде «Самұрық-Қазына» қорындағы артық штат мәселесін көтерді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Мемлекет басшысы кейбір қызметкерлердің нақты пайдалы жұмыс атқармайтынын атап өтті.
Президенттің айтуынша, мұндай кадрлар жүйеге артық салмақ түсіріп, нақты нәтиже бермейді. Ол мемлекеттік компаниялардың құрылымын қайта қарап, тиімділігін арттыру қажеттігін айтты.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы кейбір қызметкерлер жұмыс уақытын тиімсіз өткізетінін сынға алды. Оның сөзінше, кейбірі түскі уақытта кафе мен қонақүйлерде отырып, жаңалық талқылап, интернетте уақыт өткізеді.
Президент мұндай жағдайлар мемлекеттік компаниялардың жұмысына кері әсер етуі мүмкін екенін ескертіп, басқару жүйесін оңтайландырудың маңызын атап өтті.
Quarantine was introduced in one of the villages of Akmola region due to the outbreak of brucellosis