АҚШ-тың Джорджия штатында жеңілмоторлы ұшақ қала көшесіне шұғыл қонды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы New York Post-қа сілтеп.
Оқиға 9 ақпан күні Гейнсвилл қаласында болды.
Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, бірнеше адам зардап шеккен.
Апатты жағдайда қонған ұшақ – бір моторлы Beechcraft Hawker G-36, 2010 жылғы шығарылым. Ол Теннесси штатынан ұшқан.
Әзірге ұшақты шұғыл қондыруға не себеп болғаны белгілі емес. Оқиғаның барлық мән-жайын мамандар зерттеп жатыр.
Related news