«Тосын жағдай». Қызметінен қуылған Тәшиевтің үндеуі жарияланды

694
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/naOW06OFiAczDr4fZQmIM6IW6hu9xCyI7hEEixvf.jpg

Журналист Нұрғазы Анарқұлов әлеуметтік желілерде Қырғызстан ҰҚМК-ның бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиевтің үндеуін жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі kaktus.media-ға сілтеме жасап.

«Мен ауырдым және президент рұқсатымен Германияға бардым, өйткені бұрын операция жасалған жерде тексеруден өтуім керек болды. Алайда кеше мен жұмыстан босатылдым. Бұл мен үшін тосын жағдай болды. Қалай болғанда да, біз президенттің шешімін орындауға міндеттіміз. Мен мемлекетке, халқымызға және президентке адал қызмет еттім және бұл үшін мақтанамын! Тек құраммен қоштасуға мүмкіндік берілмегені көңілімді түсірді», — деді Тәшиев.

Сондай-ақ ол ҰҚМК-ның әрбір қызметкеріне сәттілік тіледі.

«Елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық орнауы үшін ешкім заңға жат әрекет жасамауы тиіс, біздің әрбір қадамымыз заң шеңберінде болады», — делінген үндеуде.

Еске салсақ, 10 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қамшыбек Тәшиевті ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің (ҰҚМК) төрағасы және үкімет төрағасының орынбасары қызметінен босатқан еді.

Comments