"Қуғындалған қазақ байлары". Тағы бір құжаттар жинағы жарық көрді

192
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Hf9glOFyub9vNzj6QZMcnfsVReiwJqBJ4K0pAfBf.jpg

Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Репрессированные баи Казахстана (на основе архивных материалов и воспоминаний). Информационно-справочное издание» атты еңбек жарық көрді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Институт мәліметінше, туынды демеушілердің көмегімен 1000 дана болып шыққан.

«Бұл құнды және өте сирек кездесетін еңбек Президенті архиві, Абай атындағы ҚазҰПУ және Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының біріккен жобасы аясында жасалды. Бұл жинақта 1920 жылдардағы «Кіші Қазан» саясаты барысында қазақ ауылдарын кеңестендіру науқаны кезіндегі  кәмпескеге ілініп, 1930 жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған байлардың өмірбаянынан анықтама беріледі»,- делінген хабарламада.

Басылымға сол кезеңдегі Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Гурьев, Қарқаралы, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Петропавл (Қызылжар), Семей, Сырдария, Орал округтерінен шыққан 1800-ге жуық байдың тізімі және қысқаша ақпарат жарияланған.

«Басылымды құрастырушылар бұнымен барлық байлардың тізімін қамтыдық деп отырған жоқ. Болашақта бұл іс әрі қарай жалғасын тауып, болашақта айқындалған мәліметтермен толықтырылып шығарылады деген жоспар бар. Жинақ Қазақстанның барлық ірі кітапханасына тегін таратылады.  Жақын күндерде тұсаукесері де өтеді.Жинақ жазылып жатқан 7-томдық  "Қазақстан тарихы" академиялық басылымда кеңінен пайдалынады»,-деп толықтырды институт.

 

Comments