Украинада Сабуровқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

169
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/LMOtkhDnDzJIboGDHgJWLtXND4Pf2pt0gssCSoXj.webp

Украинада қазақстандық стендап-әртіс Нұрлан Сабуровқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Украиналық адвокат Евгений Прониннің мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна". 

Мәліметке сәйкес, оның арызы негізінде Украина Қауіпсіздік қызметі бірыңғай сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне деректерді енгізіп, ресми тергеу амалдарын бастаған.

Іс Украина Қылмыстық кодексінің 111-2-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген. Бұл бапта «агрессор мемлекетке жәрдемдесу» үшін жауапкершілік көзделген. Құқық қорғау органдары Сабуровтың Ресейдің қарулы құрылым өкілдеріне материалдық көмек көрсетуі мүмкін деген жайттарды тексеріп жатыр.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Нұрлан Сабуровтың «СВО» деп аталатын әскери операцияға қатысушыларға питбайк табыстағаны түсірілген видео кеңінен тараған еді. Кадрларда оның ресейлік әскери қызметшілерге «жеңіспен оралуын» тілегені байқалады.

Қазіргі уақытта Украина тарапы қылмыстық іс аясында тергеу әрекеттерін жалғастырып жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша құқықтық шешім қабылданады.

Comments