Жөндеуден өткен алаң. Ресей 22 наурызда зымыран ұшырмақ

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/MinqriPf9DYGcFjqUDMK1EsTxh59IILGcOdOgejP.jpg

«Байқоңырда» зақымданған ұшыру кешені қалпына келтірілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Байқоңыр ғарыш айлағы аумағындағы 31-ші ұшыру алаңындағы қызмет көрсету кабинасы жөнделіп, толық қалпына келтірілді. Бұл туралы Роскосмос хабарлады.

Аталған нысан өткен жылдың қараша айында Союз МС‑28 зымыран-тасығышы ұшырылғаннан кейін зақымданған. Ұшу сәтті өткенімен, старт үстелінің кейбір элементтерінің бүлінгені анықталған.

Ведомство мәліметінше, жөндеу барысында барлық бекіту тораптары жаңасына ауыстырылып, электр жабдықтары толық жаңартылып және реттелген. Сонымен қатар қызмет көрсету кабинасының механизмдері тексеріліп, техникалық қызмет көрсетілген. Жөндеу кезінде 250 метрден астам дәнекерлеу жұмыстары жүргізілген.

Қазір кешен келесі ұшырылымға дайындалып жатыр. 22 наурызда Прогресс МС‑33 жүк ғарыш кемесін ұшыру жоспарланған.

Comments