Алматы 2024 жылғы референдумдағы дауыс беру бойынша өз көрсеткішінен асып түсті

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/RxHYldgR1hCsX1kam5OPhl7f3axdXyf0WxOnlFJF.jpg

Алматыда жалпыұлттық референдумға азаматтардың қатысу деңгейі алдыңғы дауыс берумен салыстырғанда жоғары екені тіркелді.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы сағат 16:00-дегі жағдай бойынша қала тұрғындарының дауыс беру көрсеткіші 28,16%-ды құрады. Бұл 2024 жылғы референдумдағы көрсеткіштен жоғары. Ол кезде дауыс беруге 25,21% сайлаушы қатысқан болатын.

Мегаполистің барлық ауданындағы учаскелерде алматылықтардың белсенділігі байқалуда. Қала тұрғындары өз азаматтық ұстанымдарын білдіру үшін күні бойы дауыс беру учаскелеріне келіп жатыр.

Учаскелік комиссиялардың жұмысы штаттық режимде жүргізілуде, тұрғындардың ыңғайлы әрі ашық дауыс беруі үшін барлық қажетті жағдай жасалған.

Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады, кешке қарай дауыс беру көрсеткіші әлі де өседі деп күтілуде.

Comments
Other materials