Жараланған Моджтаба Хаменеи жасырын түрде Мәскеуге жеткізілді – БАҚ

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8z81m5Sg9OH6p1MgabvHClqtfucA0lXWmS2knAqa.jpg

Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулығына және қауіпсіздігіне байланысты Ресейдің әскери ұшағымен жасырын түрде Мәскеу қаласына жеткізілген. Al‑Jarida басылымының мәліметінше, ел басшылығына жақын дереккөз Ресей астанасында оған сәтті операция жасалғанын, қазіргі уақытта ол президенттік резиденциялардың бірінің жанындағы жеке клиникада ем қабылдап жатқанын айтқан, деп хабарлайды "Адырна".

Дереккөздің сөзінше, Хаменеи 28 ақпанда Иран аумағына жасалған алғашқы соққылар кезінде жараланған. Кейінгі шабуылдардың жалғасуы оның ел ішінде ем алуына кедергі келтіргендіктен, оны Мәскеуге жеткізу туралы шешім қабылданған.

Басылымның жазуынша, бұған дейін Владимир Путин телефон арқылы сөйлесу кезінде ирандық әріптесі Масуд Пезешкианға Хаменеиді Ресейде емдеуді ұйымдастыруды ұсынған.

Иранның ресми тұлғалары, соның ішінде көшбасшының өзі де, бұл ұсынысты қарап, мақұлдағаны айтылды.

Comments
Other materials