Kaspi.kz Қытайдан тауарларды көтерме сатып алуды жеңілдетеді: төлем теңгемен, сапаны тексеру және есікке дейін жеткізу

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/fCb4exW0PyWo9nMfhrhFHC6fi63bc6YlUvm8z3rT.jpg

Kaspi.kz кәсіпкерлерге Қытайдан тауарларды сапасын тексеріп, толық ресми құжаттарымен тапсырыс беруге көмектесетін жаңа «Көтерме сатып алулар» онлайн-қызметін іске қосты. Барлық тауарлар мен қызметтерге төлем теңгемен жүргізіледі.

Қызмет Kaspi Pay қосымшасында Қазақстанның барлық өңіріндегі кәсіпкерлерге қолжетімді. Тапсырысты бірнеше рет басу арқылы рәсімдеуге болады, ал бүкіл процесс — төлем, кедендік рәсімдеу және есікке дейін жеткізу - Kaspi.kz тарапынан жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда жеке талаптарды ескере отырып ірі партияларға да тапсырыс беруге болады.

Тауарлардың ресми түрде әкелінуі және құжаттардың болуы кәсіпкерлерге сатып алынған өнімдерді артық тәуекелсіз сатуға мүмкіндік береді - бөлшек саудада, онлайн форматта, кез келген маркетплейстерде немесе сауда нүктелерінде. Сондай-ақ бухгалтерлік және салықтық есепті дұрыс жүргізуге жағдай жасайды.

Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:
«Көтерме сатып алулар» қызметі біздің серіктестерімізге тауар партияларын сапаны бақылаумен, есікке дейін жылдам жеткізумен және толық ресми құжаттар пакетімен тапсырыс беруге мүмкіндік береді. Бұл бизнеске жылдам дамуға, ассортиментін кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектеседі, осылайша кәсіпкерліктің дамуына және Қазақстан экономикасының өсуіне үлес қосады. Бізбен бірге болғандарыңыз үшін әрбір сүйікті клиентімізге және серіктесімізге рақмет!»

Жаңа сервис туралы толығырақ ақпарат Серіктестерге арналған Гид бөлімінде.

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы – клиенттер мен серіктестердің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау. Инновациялардың орталығында – елдегі ең танымал мобильді суперқосымша Kaspi.kz. Оны шамамен 16 миллионға жуық қазақстандық қолданады, ол елдегі электронды сауда, төлем және қаржылық жетекші сервистерді қамтиды.

Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы қазақстандықтар тегін жеткізу қызметі бар тиімді онлайн сауда жасап, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды, жеке қаржыларын басқарады, әуе және теміржол билеттерін сатып алады, турлар рәсімдейді және ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.

Kaspi.kz бизнес үшін де Kaspi Pay суперқосымшасын әзірледі, оны Қазақстандағы шамамен 700 мың кәсіпкер пайдаланады. Kaspi Pay арқылы кәсіпкерлер бизнесін дамытуға қаржыландыру алады, төлем қабылдайды, жарнамалық науқандар жүргізеді, салық төлейді, электрондық сауда және жеткізу платформасына қосылады, оның көмегімен тауарларын бүкіл ел аумағында сатады.

Гарвард Бизнес мектебі Kaspi.kz туралы екі оқу материалын әзірледі, оны бірнеше жылдан бері магистратура студенттері оқып келеді.

 

Comments