Кабул қаласында болған әуе шабуылы салдарынан жүздеген адам қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ВВС-ге сілтеп.
Ауғанстан билігінің өкілі Хамдулла Фитрат мәлімдеуінше, соққы дүйсенбі күні кешкі сағат 21:00 шамасында жасалған. Нысана – есірткіге тәуелді адамдарды оңалтуға арналған мемлекеттік аурухана болған.
Алдын ала деректер бойынша, шабуыл салдарынан кемінде 400 адам қаза тауып, тағы 250-ге жуық адам жараланған. Ғимараттың едәуір бөлігі қирап, өрт шыққан.
Оқиға орнында құтқару қызметтері жұмыс істеп, өртті сөндіру және зардап шеккендерді іздеу жұмыстарын жүргізген. Куәгерлердің айтуынша, ауруханадан ондаған адамның мәйіті шығарылған. Аталған орталық шамамен 2000 адамға арналғаны белгілі. Сол себепті зардап шеккендер саны бұдан да көп болуы мүмкін деген болжам бар.
Алайда BBC бұл мәліметтерді тәуелсіз дереккөздер арқылы әлі толық растамағанын хабарлады.
Өз кезегінде Пәкістан билігі медициналық мекемеге соққы жасалғанын жоққа шығарып отыр. Ресми мәлімдемеде әуе операциясы тек әскери нысандар мен лаңкестік инфрақұрылымға қарсы бағытталғаны айтылған.
Yerlan Karin: 71.7 percent of Kazakhstanis believe that our country is developing in the right direction
