Израиль Иранның барлау министрінің көзі жойылғанын айтты

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/y8HyHb6pPvDWvu4VN6snDBTwwrTPtHqf6ItJNoxm.jpg

Иранның барлау министрі Эсмаил Хатиб Израильдің әуе соққысы салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Сәрсенбіге қараған түні Израиль әскери-әуе күштері ЦАХАЛ барлау деректеріне сүйене отырып, Тегеранға жасалған нысаналы соққы барысында Иран режимінің барлау министрі Эсмаил Хатибті өлтірді», – делінген Израиль қорғаныс армиясының хабарламасында.

Эсмаил Хатиб 2021 жылы Иранның барлау министрі қызметіне тағайындалған. БАҚ мәліметінше, ол Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменейге ең жақын адамдардың бірі саналған.

Еске салайық, 17 наурыз күні ЦАХАЛ Тегеранға жасалған әуе соққысы нәтижесінде Иранның ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджанидің және Ислам революциясы сақшылары корпусы құрамындағы «Басидж» бөлімшесінің қолбасшысы генерал Голамреза Сулейманидің қаза тапқанын мәлімдеген болатын.

Comments
Other materials