Ресей премьер-министрі Қазақстанға келеді

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Z6CcaeAAPuaiLsWMvPoZcyOiY9MTGuImeKHgxEc4.jpg

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин 25–27 наурыз аралығында Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді. Бұл туралы РФ үкіметінің баспасөз қызметі айтты, хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Астанада өтетін Қазақстан–Ресей үкіметаралық келіссөздері аясында энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды одан әрі дамытуға ерекше назар аударылмақ.

Сондай-ақ Михаил Мишустин 26–27 наурыз күндері Шымкент қаласында өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады. Сапар барысында премьер Digital Qazaqstan 2026 цифрлық форумында сөз сөйлейді.

Еске салайық, өткен жылдың қаңтар айында Михаил Мишустин Ақорда резиденциясында президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескен еді.

Comments