Қысымдағы Иран АҚШ ұсынысын қабылдамай, соғысты тоқтатудың 5 шартын атады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/O5blBqisypvhGcLtxQMs35e7CvXnOSTdHw8YZNfz.jpg

Иран АҚШ-тың Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатуға бағытталған ұсыныстарын қабылдамай, жауап ретінде өз талаптарын ұсынды. Бұл туралы жергілікті PressTV телеарнасы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Иран бұл ұсыныстарды шиеленісті күшейтуге бағытталған алдау әрекеті деп санайтынын жеткізген. Сондай-ақ ел делдалдар арқылы берілген ұсыныстардың қазіргі уақытта талқыланбайтынын атап өткен. Дереккөздің айтуынша, Иранның жалпы бес талабы бар. Олар:

• қарсы тараптың «агрессиясы мен террорлық әрекеттерін» толық тоқтату;

• Иранға қарсы соғыстың қайта басталмайтынына кепіл болатын нақты тетіктер құру;

• соғыс салдарынан келген шығындар мен өтемақыларды ашық түрде төлеу;

• барлық майданда және аймақ бойынша қақтығысқа қатысатын қарсылық топтары үшін соғысты толық тоқтату;

• Иранның Ормуз бұғазын дербес басқару құқығын халықаралық деңгейде мойындау және оған кепілдік беру.

Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ Израильмен бірлесіп Иранға қарсы әскери операция бастады. Бұған жауап ретінде Тегеран Израильге, сондай-ақ Таяу Шығыстағы америкалық базаларға, оның ішінде Сауд Арабиясы, Бахрейн, Қатар, Кувейт және БАӘ аумақтарындағы нысандарға зымырандар мен ұшқышсыз аппараттар арқылы соққы жасады.

Одан бөлек, Иранның Ормуз бұғазын жапқаны туралы хабарланды. Бұл бұғаз арқылы әлемдік теңіз мұнай жеткізілімінің шамамен 30%-ы өтеді. Сондай-ақ Парсы шығанағы елдерінің мұнай инфрақұрылымына жасалған шабуылдар туралы мәліметтер тарады. Бұл жағдай мұнай бағасының соңғы төрт жылдағы ең жоғары деңгейге дейін күрт өсуіне себеп болды. Ормузға байланысты дау соғыс кезенде келіссөз бастауға себеп болған. 

Comments
Other materials