Украина шабуылдары Ресейдің мұнай экспортын күрт қысқартты - Reuters

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/HX5h6fi2uHzchsnH7l57TkuLoxIaMqg2VCKedlKs.jpg

Ресейдің шетелге мұнай жеткізу қуатының шамамен 40%-ы (тәулігіне 2 млн баррель) уақытша тоқтап қалды. Бұл туралы 25 наурызда Reuters агенттігі нарық деректеріне сүйенген өз есептеулеріне сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Агенттік бағалауынша, бұл – қазіргі Ресей тарихындағы мұнай жеткізіліміне қатысты ең ірі іркіліс. Оқиға мұнай бағасы АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы аясында барреліне 100 доллардан асқан кезеңде орын алған.

Негізгі себептер:

  • 2026 жылғы наурызда украин дрондарының Балтық теңізіндегі экспорттық порттарға (Приморск, Усть-Луга) жасаған шабуылдарынан кейін мұнай тиеу тоқтады.

  • Қара теңіздегі Новороссийск портында да тиеу көлемі жоспардан төмен.

  • «Дружба» мұнай құбыры зақымдалып, қаңтар соңында транзит үзілген.

  • Еуропа елдері «көлеңкелі флотқа» жататын ресейлік танкерлерді жиі ұстауы салдарынан Мурманскіден тәулігіне шамамен 300 мың баррель мұнай жеткізуге кедергі келтірілген.

Сонымен қатар, Ресей Қытайға (тәулігіне 1,9 млн баррель), Беларуське (300 мың баррель) және «Сахалин-1», «Сахалин-2» жобалары арқылы (250 мың баррель) мұнай жеткізуді тұрақты жалғастырып отыр.

Goldman Sachs банкі Brent маркалы мұнайдың 2026 жылға арналған жылдық орташа бағасына қатысты болжамын барреліне 77 доллардан 85 долларға дейін көтерді. Банк сарапшылары қазіргі жағдайды әлемдік мұнай нарығындағы тарихтағы ең ірі ұсыныс шогы деп сипаттады.

Болжам бойынша:

  • Ормуз бұғазы арқылы тасымал алты апта бойы қалыпты көлемнің тек 5%-ы деңгейінде сақталады.

  • Кейін қалпына келтіру тағы бір айға созылады.

  • Жалпы ұсыныс шығыны 800 млн баррельден асады.

Сондай-ақ банк Таяу Шығыстағы өндіріс шығыны тәулігіне 11 млн баррельден 17 млн баррельге дейін өсуі мүмкін екенін ескертті. Егер Ормуз бұғазы ашылғаннан кейін қалпына келу төрт апта бойы біртіндеп жүретін болса, әсері болады.

Comments