Ресейдегі қазақстандық төбелес. Министрлік не дейді?

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/G0uE4lksCxox1qdemGlJhges1xcTojTW35wxOpZ1.jpg

Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі Ленинград облысында болған жаппай төбелеске қатысты жаңа деректер жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

26 наурыз 2026 жылы Усть-Луга ауылында тұрмыстық сипаттағы жанжал орын алып, оған Қазақстан азаматтары да қатысқан.

Ерлан Жетібаев мәлімдегендей, Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары оқиғаның барлық жағдайын жан-жақты және объективті анықтау үшін қажетті процессуалды шараларды өткізген. Оның ішінде жанжалға қатысушылардың уақытша ұсталуы да қарастырылған.

Жетібаев атап өткендей, Қазақстан азаматтары арасында ауыр жарақат алғандар немесе ауруханаға жатқандар жоқ. Сонымен қатар, оқиға орнындағы жағдай тұрақты және құқық қорғау қызметтерінің бақылауында.

Сыртқы істер министрлігі Санкт-Петербургтегі Қазақстанның Бас консулдығы ресейлік құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста жұмыс істеп жатқанын хабарлады. 

Comments