Қазақстанда Жер сағаты акциясы өтті

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/JivD4UAJmstzNqrnHhMQ2oP84YWypIBIXVdg1Lme.jpg

Бүгін бүкіл ел бойынша «Жер Сағаты»халықаралық экологиялық акциясы өтуде. 2026 жылы акцияның тақырыбы елімізде экотуризмнің дамуы болып жарияланды.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-да бүкіл елдегі үйлерде, кеңселерде және көшелерде ғимараттардың жарықтандыруы бір сағатқа сөнді.

Естеріңізге сала кетейік, «Жер сағаты» акциясы – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (бұдан әрі-WWF) қамқорлығымен өткізілетін жыл сайынғы халықаралық оқиға. Акция барысында WWF планетаның болашағына бей-жай қарамай, жарық пен тұрмыстық электр құралдарын бір сағатқа өшіруге шақырады; сонымен бірге әлемдегі ең танымал ғимараттар мен ескерткіштердің жарыұтандыруы сөнеді.

Қазақстан бұл шараға 17-ші рет қосылып отыр және биылғы жылы шараға еліміз бойынша 500-ден астам нысан: Ақорда резиденциясы, «Бәйтерек» монументі, Тәуелсіздік сарайы, «Әзірет Сұлтан» мешіті, спорт нысандары, оқу орындары, өндірістік мекемелер және т.б. ғимараттар қосылды.

«Жер сағаты» - бұл планетадағы ең ірі экологиялық науқан. Оған дүние жүзінде 2 миллиардтан астам адам қатысады, 180 елдегі 7000 қаланың тұрғындары шараға қосылды. 2026 жылы «Жер сағаты» халықаралық акциясы 19-шы рет өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - табиғат пен планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару

Comments