Пойыз бен автобус соқтығысып, алты адам жарақат алды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/63iWA66VAGwaYRIogsnJSfgVYgMvrUQabZWwoWWg.webp

Алматы облысында теміржол өткелінде автобус пен пойыз соқтығысып, салдарынан алты адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жол-көлік оқиғасы Боралдай кенті маңында болған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, Алматы – Боралдай – Шамалған станциясы бағытындағы автожолдағы теміржол өткелінде жол ережесін бұзған маршруттық автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, көмір станциясынан шыққан пойыз өткел арқылы қозғалып келе жатқан. Осы сәтте маршруттық автобустың жүргізушісі жол бермей, соқтығысуға жол берген.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Comments