Консулдық жанында атыс болып, үш адам қаза тапты

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/VVp8YvmRYtEMh9bnUOXOfVLVgIJw9HcWDm8HA2wm.webp

Ыстамбұлда Израиль консулдығы маңында атыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдіктілер полиция қызметкерлеріне қарсы оқ атқан. Оқиға салдарынан екі полиция қызметкері жарақат алып, үш адам қаза тапты. Аймаққа шұғыл түрде қосымша полиция жасақтары мен жедел жәрдем бригадалары жіберілді.

Ақын Гюрлек бұл оқиғаға байланысты тергеу басталғанын мәлімдеді. Тергеуге Ыстамбұл прокурорының орынбасары мен тағы екі қызметкер тартылған.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, шабуыл кезінде консулдық ғимаратында израильдік дипломаттар болмаған. Кей деректерге сүйенсек, аталған нысан соңғы екі жыл бойы жабық тұрған және ішінде қызметкерлер болмаған болуы мүмкін.

Консулдық бизнес-орталықта орналасқан. Бұл аймақта әдетте қарулы полиция қызметкерлері тұрақты күзет жүргізеді.

Comments
Other materials