Әділет министрлігі тіркей ме екен? "Әділет" аталатын жаңа саяси партия құрылмақ

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/3a0kN8QHFneayhCGnD2NgjPVt5qXWwgdrC1lFl6a.webp

Елімізде Құрылтай сайлауы қарсаңында «Әділет» деп аталатын жаңа саяси партия тіркеледі. Бұл туралы бастамашыл топ 15 сәуірде мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуларынша, жаңа партия өзін прогрессивті реформаларды қолдаушы, Әділетті Қазақстан құру идеясын жақтаушы, заң үстемдігін нығайтуды және шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың қатысуын кеңейтуді көздейтін саяси күш болмақ.

«Біз 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанның жаңа Конституциясын қолдаған көпшілік атынанбыз», – делінген хабарламада.

Бастамашыл топ 16 сәуір күні Әділет министрлігіне партияны тіркеу рәсімін бастау туралы өтініш беруді жоспарлап отыр. Бұдан кейін жаңа саяси ұйымның құрылтай съезін өткізу көзделген.

Жаңа партия құру туралы үндеуге қол қойғандар арасында Гүлзира Атабаева, Ренат Бектуров, Қарлығаш Жаманқұлова, Динара Зәкиева, Рауан Кенжеханұлы, Лаура Қарабасова, Андрей Лаврентьев, Нұрбек Матжани, Марат Шибутов, Ләззат Шыңғысбаева және өзге де тұлғалар бар.

 

Comments