Оңтүстік Корея Қазақстаннан 18 млн баррель мұнай сатып алады. Бұл туралы президенттің арнайы өкілі Кан Хун Сик мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ол 8 сәуірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, келіссөздер жүргізгенін атап өтті. Сол кезде Қазақстан президенті Оңтүстік Кореямен ынтымақтастыққа жауапты кеңесші тағайындалатынын айтқан.
Кан Хун Сик алдағы уақытта тараптар тек мұнай мен нафта (жеңіл көмірсутектер қоспасы) жеткізу саласында ғана емес, сонымен қатар минералдық ресурстар, қалалық даму және өнеркәсіптік құрылыс бағыттарында да ынтымақтастықты дамытуды көздеп отырғанын қосты.
Сондай-ақ ол Оңтүстік Кореяның 2026 жылдың соңына дейін Ормұз бұғазын айналып өту арқылы 273 млн баррель мұнай жеткізілімін қамтамасыз еткенін хабарлады. Бұған қоса, энергиямен жабдықтауды тұрақтандыру мақсатында қосымша 2,1 млн тоннаға дейін нафта жеткізіледі.
Қазақстаннан бөлек, Оңтүстік Корея мұнай бойынша Оман, Сауд Арабиясы және Қатар елдерімен де келіссөздер жүргізген.
We need real results, high-speed Internet, and quality communication, not statistics covering the country
