Терезесін ашық қалдырғандар айыппұл арқалайды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/gSHluWkkGUGC3HL0iXyVvujPvpHO669WWA1ri1yP.jpg

Бас прокуратура балалардың терезеден құлауы жиілегенін айтып, ескерту жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Күн жылығалы бері көпқабатты үйлердің терезесінен бүлдіршіндердің құлау дерегі көбейген

Бас прокуратура ересектердің баланы қараусыз қалдыруынан қайғылы оқиға болатынын айтты. Әсіресе жәндіктерден қорғайтын москит торларына сену өте қауіпті. Өйткені ол баланың салмағын мүлдем көтере алмайды.

Қазір құрылыс заңдарына сай жаңадан салынған үйлердің терезелеріне арнайы құлыптар орнатылуы міндетті. Ал пәтердің ішіндегі қауіпсіздікті сақтамаған ересектер заң алдында жауап береді.

Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпегендерге 20 АЕК (86 500 теңге) көлемінде айыппұл салынады немесе 10 тәулікке дейін қамауға алынады.

«Балалардың өмірі мен денсаулығы үшін бірінші кезекте жауапкершілік ата-аналарға жүктелетінін түсіну қажет», – деп хабарлады Бас прокуратура.

Comments