Бүгін, 22 сәуірде Украина «Достық» мұнай құбыры арқылы Венгрия мен Словакияға мұнай транзитін қайта бастады. Бұл туралы Report агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Тасымал көлемі жария етілмеген. Венгрияның «MOL» мұнай-газ компаниясы да құбыр арқылы мұнай келіп түсе бастағанын растады. Компанияның мәліметінше, алғашқы «қара алтын» партиялары Венгрия мен Словакияға ертеңнен кешіктірілмей жеткізіледі деп күтілуде.
Айта кетейік, 27 қаңтарда ресейлік дрон соққысынан кейін құбырдың зақымдануына байланысты Словакия мен Венгрияға «Достық» арқылы мұнай транзиті тоқтатылған еді. Словакия мен Венгрия бұл бағытта мұнай тасымалын қайта қалпына келтіруді бірнеше рет талап еткен.
«Достық» — Қазақстан мен Ресей мұнайын Шығыс және Орталық Еуропа елдеріне тасымалдайтын магистральдық мұнай құбырлары жүйесі. Ол әлемдегі ең ірі құбырлардың бірі болып саналады, жалпы ұзындығы 8,9 мың км, оның 5 мыңы Ресей аумағынан өтеді. Жалпы өткізу қуаты тәулігіне 1,2–1,4 млн баррельді құрайды.
The high-altitude sports complex "Medeu" will be modernized: Ermek Marzhikpaev held a report meeting in the region
Do not go to Israel and Lebanon - the Ministry of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan made an appeal
